Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 40-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 қазанда № 7-1-212 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-183 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде № 17 және 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      9 тармақтағы "отбасының жиынтық табысына 30% мөлшерінде белгіленеді" деген сөздер "осы Қағиданың 8 тармағына сәйкес келеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезектен тыс 40-шы сессиясының
      төрағасы                         Е. Қ. Бақтияр
      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы                          Ә. Қ. Истелюев