Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедеге N 1572 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінда 2011 жылғы 2 тамызда N 7-1-211 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жүктелсін.

      Қала әкімі                       С. Оразов