2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
2. Тізбе келісуге Күршім аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3. 2011 жылғы 19 тамыздағы «Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» № 2193 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов
Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2253 қаулысына 1 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық
(селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген білім мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, шаруашылық, оқу кабинеті, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, тәлімгер, концертмейстер, әдістемеші, механик, көркем жетекші, музыкалық жетекші, әлеуметтік педагог, психолог, аккомпаниатор, нұсқаушы.
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, зертханашы, бухгалтер, экономист, медициналық бике, барлық атаудағы техниктер, хормейстер, хореограф, дәрігер.
4. Техникалық орындаушылар, оның ішінде: іс жүргізуші, хатшы, тәрбиешінің көмекшісі.
Күршім ауданының
білім бөлімінің бастығы Ә. Қосамбеков
Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2253 қаулысына 2 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі).
Күршім ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі бастығының орынбасары Е. Мазақов
Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2253 қаулысына 3 қосымша
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін
лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары
лауазымдарының
тізбесі
1. Мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшылары және басшыларының орынбасарлары, бөлім жетекшісі, оның ішінде: көркемдік жетекші, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: әртіс, кітапханашы, бухгалтер, мәдени ұйымдастырушы, концертмейстер, музыкалық жетекші, музыкатанушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, актер, үйірме жетекшісі, режиссер, экономист, хормейстер, мұражай қорларын сақтаушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы.
3. Техникалық орындаушылар, соның ішінде: іс жүргізуші, мұражай қараушысы.
Күршім ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің бастығы Б. Өлмесеков