Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238-бабының 3-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істегені үшін лауазымдық қызмет ақыны көтеру белгіленгендерге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2008 жылғы 08 шілдедегі № 410 қаулысына (2008 жылы 11 тамызда № 5-12-68 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының 2 қосымшасындағы 3 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: кітапханашы, жолбасшы, хореограф, медицина жұмысшысы.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов
Келісілді:
Зырян ауданының
мәслихат хатшысы Г. Денисова