Бәйдібек ауданының ауылдық елдi мекендерiне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 30 мамырдағы N 44/250 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 маусымда N 14-5-112 тіркелді

Жаңартылған

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына және аудан әкiмiнiң мәлiмдемесiне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Бәйдібек ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
      Ескерту. Шешімнің бірінші тармағындағы "алты жүз отыз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау ұсынылсын." деген сөздер "бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін." деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011.09.27 N 47/277 Шешімімен.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы:    К.Рсалиева

      Аудандық мәслихат хатшысы:                 С.Спабеков