1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.12.2015 № 236 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
Ескерту. Қаулының тақырыбы және 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 10.11.2012 № 182 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Аудан әкімінің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 38 "Ауданда 2008 жылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-98 болып тіркеліп, 2008 жылдың 25 сәуірінде № 17 (3345) аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке тапсырылсын.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қарабаев |