Махамбет ауданындағы мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы N 158 қаулысы. Атырау облысының әділет департаментінде 2011 жылғы 8 маусымда N 4-3-158 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ө. Зинуллин