Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Атырау қаласындағы Новоселов көшесі Өтепқали Әлжанов көшесі болып өзгертілсін.
2. Атырау қаласына қарасты селолық округтердегі көшелерге төмендегідей атаулар қойылсын:
1) Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы-2 селосындағы № 2 көшеге Қарақойшы Қуатов;
2) Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы селосындағы № 3 көшеге Елеукен Наурызбеков;
3) Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы селосындағы № 4 көшеге Тілек Әжіғалиев;
4) Кеңөзек селолық округіне қарасты Тасқала-2 елді мекеніндегі № 1 көшеге Сарбала Қадыралиев есімдері берілсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға және қалалық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.
ХХІІІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов
Қала әкімі М. Исмұратов