Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 164 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 мамырда N 13-11-210 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы N 111 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 13.03.2013 N 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5)5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, «Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жұмыс берушілері келесі тұлғаларға жұмыс орындары квотасын белгілесін:
      бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға, жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        И. Турко