Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақжар аудандық жеке санаттағы мұқтаж болған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштаразға келуге, ай сайын 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
2) Ұлы Отан қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тіс протездеуге мұқтаж тұлғаларға, бір жылда бір реттен артық емес тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металлокерамика, металлоакрилдардан басқа);
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; және тағы басқа тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; көп балалы аналарға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» немесе ертеде «Ардақты ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендарымен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; «Кеңес Одағының Батыры», «Халық-Каһарманы», «Социалистік Еңбек Ері», Даңқы ордені кавалерлері, I, II, III дәрежелі Еңбек даңқы ордені атағына ие болған тұлғалары; Чернобыль атом электростанциясы 1988-1989 жылды болған апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Қазақстан Республикаға иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларға; Ұлы Отан соғысында апат (опат болған, хабарсыз жоғалып кеткен) болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесір қалған әйелдеріне; Ұлы Отан Соғыс жылдарында қайраттылық және мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы еңбек Кеңес Социалистік Республикалар Одағының орден мен медалдармен марапатталған тұлғалар және 1941 жылдағы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр күніне дейін алты айдан кем емес Ұлы Отан Соғысындағы тылда жанкешті еңбек сіңірген үшін, жұмыс істеген (қызмет еткен) Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендары және медалдармен марапатталмаған тұлғаларға; саясаттық репрессиядан зардап шеккен, саясаттық репрессиядан құрбан тұлғаларға, мүгедектігі бар және зейнеткерлерге; барлық топтағы мүгедектерге; жылына бір рет емдеу құны мөлшерінде, түгел санаттағы мүгедектерді санаторлық-курорттық емделуге;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; және тағы басқа тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға; көп балалы аналарға «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» немесе ертеде «Ардақты ана» атағына ие болған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендарымен марапатталғандарға; Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға; «Кеңес Одағының Батыры», «Халық-Каһарманы», «Социалистік Еңбек Ері», Даңқы ордені кавалерлері, I, II, III дәрежелі Еңбек даңқы орднеі атағына ие болған тұлғалары; Чернобыль атом электростанциясы 1988-1989 жылды болған апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Қазақстан Республикаға иеліктен айыру аймағынан көшірілген (дербес кеткен) адамдарға, сонымен қатар көшірілген кезде тумаған балаларға; Ұлы Отан соғысында апат (опат болған, хабарсыз жоғалып кеткен) болған жауынгерлердің қайта неке қимаған жесір қалған әйелдеріне; Ұлы Отан Соғыс жылдарында қайраттылық және мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы еңбек Кеңес Социалистік Республикалар Одағының орден мен медалдар мен марапатталған тұлғалар және 1941 жылдағы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр күніне дейін алты айдан кем емес Ұлы Отан Соғысындағы тылда жанкешті еңбек сіңірген үшін, жұмыс істеген (қызмет еткен) Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендары және медалдармен марапатталмаған тұлғаларға; саясаттық репресиядан зардап шеккен, саясаттық репресиядан құрбан тұлғаларға, мүгедектігі бар және зейнеткерлерге; барлық топтағы мүгедектерге аудандық бюджетте қаралған қаражат шамасымен, толықтыру өлшем ретінде жылына бір рет материалдық көмек көрсетілсін.
5) Аз қамсыздырылған отбасылардан шыққан (ең төменгі күн көріс төмен табысы бар) студенттермен мемлекеттік көпшілік білім грант иегері бола алмай қалған жетім балаларға жоғары, орта-арнайы оқу орнында және кәсіби–техникалық мектептерде күндізгі және сырттай оқытуға оқу құны мөлшерінде төлеу үшін;
6) Медициналық білімі бар және ауылда үш жыл бойы жұмыс істеуге Ақжар ауданына келген мамандарға әр қайсына бір жолғы 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде;
2. Анықталсын:
1) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектері ай сайын моншаға және шаштаразға баруға әлеуметтік көмек, арыз берген айдан тағайындалады және арыз берушінің аудан шекарасына шыққанда немесе қайтыс болумен аяқталады. Белгіленген жағдайлар болған кездегі айдан келесі айдан төлем тоқтатылады;
2) Аудандық бюджетімен қарастырылған қаражат көлемінде, тіс протездеуге лицензиясы бар, медициналық ұйымымен іске асырылады, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тіс протездеуге мұқтаж тұлғаларға тағайындалады, тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металлокерамика, металлоакрилдардан басқа);
3) Әлеуметтік көмек, уәкілетті орган берген тізімі бойынша әлеуметтік көмек алушының есеп шотына екінші деңгейдегі банк немесе «Қазпошта» АҚ филиалынан аудару арқылы берілсін деп анықталсын.
4) Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған қаржыландыру шығыстары сәйкестік бюджетімен көзделген сома шегінде 451007000 «Жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек»;
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Прокофьев
Ақжар аудандық
мәслихат хатшысы М. Жұмабаев
КЕЛІСІЛГЕН: 2011 жылғы 27 маусым
«Ақжар аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Мұқалықова
«Ақжар аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Жүнісова