«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Тастеміров