Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 1926 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 желтоқсанда N 13-1-209 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5) тармақшасына20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін, 1 қосымшаға сәйкес.
      2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері бекітілсін, 2 қосымшасына сәйкес.
      3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақысы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 496-IV Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      5. Қоғамдық жұмыстардың шарттары 5 (бес) күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күні, 1 (бір) сағат түскі үзіліс белгіленген, еңбек жағдайларын ескеріп жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен көзделген жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.
      6. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Т. Мұхамедьяров):
      1) уақытша қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
      2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
      7. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2010 жылғы 24 ақпандағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-173, «Қызылжар нұры» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 11, «Проспект СК» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 10 сандарында жарияланған).
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған қүнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі                  Н. Әшімбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі «Солтүстік
      Қазақстан облысының
      Әділет департаменті» ММ                    Е. Сейдімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі Салық
      комитетінің «Солтүстік
      Қазақстан облысы бойынша
      Салық департаменті» ММ                     У. Әмірханұлы

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы» ММ            Д. Ғабдуллин

      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
      жанындағы соттардың қызметін
      қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік
      Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» ММ     С. Ақтанов

      «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
      департаменті Петропавл қаласының
      ішкі істер басқармасы» ММ                  Ә. Қасейінов

      «Қазақстан Республикасы Бас
      прокуратурасы құқықтық статистика
      және арнайы есепке алу жөніндегі
      Комитетінің Солтүстік Қазақстан
      облысы бойынша басқармасы» ММ             М. Аюпов

      Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігі «Солтүстік Қазақстан
      облысының Әділет департаменті
      Петропавл қалалық әділет басқармасы» ММ    Е. Есентаев

      «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес
      жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық
      орталығы» ММ                               Л. Степанова

      Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
      министрлігі Солтүстік Қазақстан
      облысы әкімдігінің «Облыстық
      наркологиялық орталығы» шаруашылық
      жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорны                        Б. Ыбыраев

      «Солтүстік Қазақстан
      мемлекеттік мұрағаты» ММ                   С. Мәлікова

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының жеке құрамы
      бойынша мұрағаты» ММ                       Б. Мүслімова

1-қосымша
Қала әкімдігінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1926 қаулысымен бекітілген

Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері


р/
р

Кәсіпорын,
ұйым атауы

Жұмыс
орын
дары

Қоғамдық жұмыс түрі

Жұмыс көлемі

Қоғам
дық
жұмыс
тар
дың
ұзақ
тығы (ай)

Қаржы
ланды
ру кө
зі

1

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

180 адам

Қала аумағын жинауға көмек көрсету; аумақтарды көгалданды
ру және абаттандыру
ға көмек көрсету;
мұзды қала
шықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету

453735000 шаршы метр 57150 шаршы метр
28000 мұзды блоктар

12

Петро
павл
қала
сының
бюд
жеті

2

«ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі

7
адам

Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (есірткі инъекцияла
рын тұты
нушылар)

2500 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелер өткізу барысында маманға көмек

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

3

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4 адам

Қаланың оқу орындарында есірткі инъекцияла
ры мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету

3200 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелер өткізу барысында маманға көмек

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

4

«Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

30 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

2400 іс

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі

6 адам

Петропавл қаласы бойынша есептелген және төленбеген салық сомасы туралы хабарлама тапсыру

Жылына
80000 хабарлама

12

Петро
павл
қала
сының бюдже
ті

6

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшір
ме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету; қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыру
ға және жүргізуге көмек көрсету

Құжаттар
дың жинақ
талуына қарай

12

Петро
павл
қала
сының бюдже
ті

7

«Петропавл қаласының жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5 адам

Иесіз мүлік ретінде жер телімдерін тексеруге және таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек

5000 құжат

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

8

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5 адам

Республика
лық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге көмек көрсету (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистика
лық зерт
теулер);
әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының мәліметтер дерекқорын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек; курьер жұмысы

Құжаттар
дың жинақ
талуына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

9

«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Үй шаруашы
лығының санағына және шаруа
шылық кітаптарын жасауға көмек
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

10132 ауланы аралап шығу
Шағын және орта бизнес субъекті
лерімен жұмыс

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

10

«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Иесіз тұрғын үйлерді, адам тұрмай
тын объекті
лерді анықтауға және кейін Петропавл қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылдауға көмек көрсету

450 тұрғын үйлерді және адам тұрмайтын объекті
лерді тексеру

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

11

«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету
Халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында мәліметтер дерекқорын жасауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

12

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
«Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті
Петропавл қалалық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Қала әділет басқармасы
ның іс жүргізуіне көмек көрсету; АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттар
мен, жылжы
майтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, жеке тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды өңдеуге және сақтауға даярлауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

13

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
«Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесі

10 адам

АХАЖ бойынша мұрағаттық құжаттар
мен, жылжы
майтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша, жеке тұлғаларды тіркеу бойынша жұмыстарға көмек көрсету, құжаттарды сақтауға даярлауда өңдеуге көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

14

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

5 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға, ксерокөшір
ме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

15

«Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

5100 құжат

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

16

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі

3 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету, анықтамалар
ды жіберу және жеткізу, анықтама беру бөлігінде қала халқына жедел қызмет ету сапасын жақсарту бойынша қағаз мәліметтер дерекқорын құру

36000 құжат

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

17

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
нің Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Халыққа қызмет көрсетудің сапалығы және жеделділігі мақсатында мәліметтер дерекқорын құруға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

18

«Петропавл қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттардың көшірмеле
рін жасау, жүргізіле
тін іс-
шаралар туралы кәсіпорындарға хабарлама құжаттарын жеткізу, қоғамдық науқандарға қатысу

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

19

Петропавл қаласы әкімдігің «Тұрғын үй-
пайдалану қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

5 адам

Халықпен жұмыста қала аумағын аралап шығу қоғамдық науқандарын ұйымдастыруға және жүргізуге көмек

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

20

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жеке құрамы бойынша мұрағаты» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті

21

«Петропавл қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Жер телімде
рін ресім
деу, құжат
тарды мұра
ғаттау, кадастрлық істерді жүргізу, сондай-ақ заңды құжаттарды ресімдеу бойынша құжаттарды өңдеуге және дайындауға көмек көрсету

Жинақталу шамасына қарай

12

Петро
павл
қала
сының
бюдже
ті


Қорытынды

304
адам





2-қосымша
Қала әкімдігінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1926 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақы төлемінің мөлшері


р/р

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері

Жұмыс тәртібі

Бес күндік жұмыс аптасы

1

Физикалық жүктеме және ашық ауамен байланысты жұмыстар (қаланы абаттандыру, тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)

1,75 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні-8 сағат

2

Ғимарат ішінде орындалатын және физикалық жүктемемен байланыссыз жұмыстар

1 ең төменгі еңбекақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

жұмыс күні-8 сағат