Жер учаскелері үшін оларды жеке меншікке бергенде жасалатын төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 40/5 шешімі және Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 380 біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қаңтарда N 1793 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жер учаскелері үшін оларды жеке меншікке бергенде жасалатын төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов
      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                        Қ. Едіресов

      Облыстық мәслихаттың
      XXXX сессиясының төрағасы                  Т. Күсемісов

Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының ХХХХ сессиясының
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 40/5 шешіміне қосымша

Жер учаскелері үшін оларды жеке меншікке бергенде жасалатын төлемақының базалық ставкалары

Елді мекендер

Төлемақының базалық ставкасы 1 шаршы метр үшін, теңгемен

Петропавл қаласы

1270

                               Облыстық орталық ставкасының пайыздары
      Аудандық мағынадағы қала                           75
      Аймақтарда орналасқан кенттер
      және ауылдық елді мекендер:           кенттер      ауылдық елді
                                                         мекендер
      орманды дала, дала және құрғақ дала    25          15
      Ескерту: жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкалары қалаларда олардың бас жоспарларымен белгіленген шекаралар шегінде қолданылады.