Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындары) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы 

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы N 4/975 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 9 желтоқсанда N 906 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 01 шiлдедегi «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес және тұрақ аймақтарын ұйымдастыру және қалыптастыру бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру, тұрақтарда көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-жол желілерінің көлікті өткізу қабілетін арттыру, Алматы қаласы аумағында қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындары) ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                     А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2011 жылғы «14» қарашадағы
№ 4/975 қаулысымен бекітілді

Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын
(автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру
ережелері

      Осы Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыру, тұрақтарда көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін жағдай туғызу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-жол желілерінің көлікті өткізу мүмкіндігін арттыру, Алматы қаласының аумағында қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету мақсатында әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Ережелер Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарды) (бұдан әрі – автотұрақ (автомобиль қоятын орын) ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін белгілейді, автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) иелері мен тұрақ қызметі қызметкерлерінің автокөлік құралдарын автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға) қоятын автокөлік құралдарының иелерімен қарым-қатынасын реттейді, автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру және оларды орналастыру ерекшеліктерін, оларға қойылатын технологиялық, техникалық және жүйелік талаптарды реттейді және меншік түріне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Барлық қолданыстағы және жоспарланған автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) Алматы қаласындағы бірыңғай автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) желісіне кіреді.
      3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) автотұрақ (автомобиль қоятын орындар) – автокөлік құралдарын қоюға (сақтау) арналған бөлек немесе арнайы жабдықталған ғимарат, ғимарат құрылысы (ғимараттың, ғимарат құрылысының бөлігі) немесе арнайы ашық алаң.
      Алматы қаласының автотұрақтары (автомобиль қоятын орындары) жол жиегіндегі, алаңдық үлгідегі және паркингтер болып бөлінеді.
      2) автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) иесі – автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) нақты иеленуіне заңды мүмкіндігі қамтамасыз етілген заңды және (немесе) жеке тұлға;
      3) автокөлік құралдарының иесі – меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңдық негізде автокөлік құралдарын басқаратын жеке немесе заңды тұлға.
      4) ақылы автотұрақтар қызметінің қызметкері - автотұрақ (автомобиль қоятын орын) клиенттеріне қызмет көрсету құқығы бар, автотұрақ (автомобиль қоятын орын) иесі белгілеген арнайы киімді киген, автотұрақты (автомобиль қоятын орынды) пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайтын тұлға;
      5) көлікті қоятын орын – бір автокөлік құралын орналастыруға арналған жол таңбасы белгіленген және арнайы жабдықталған автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) шекарасындағы жер телімінің бір бөлігі;
      6) автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) пайдалану – қолданыстағы нормативтік және жобалық құжаттамаларға сәйкес техникалық құралдардың, автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) құрылымдық элементтерін қамтитын автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) технологиясын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық шаралардың кешені;
      7) пайдаланушы ұйым – автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
      8) ақы төлеудің электрондық жүйесі – жол жиегіндегі, арнайы алаңдағы автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) және паркингтерде қолданылатын көлік қоюға арналған бір жолғы талондарды беретін қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерін қабылдау құрылғысы;
      9) көлік қоюға арналған бір жолғы талон – белгілі бір мерзім ішінде автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) аумағына көлік құралдарының қойылу төлемін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
      10) көлік қоюға арналған карта – белгілі бір кезеңнің ішінде көлік құралдарын уақытша қоюға құқық беретін электрондық карта;
      11) уәкілетті орган – Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
      4. Алматы қаласының автотұрақтары (автомобиль қоятын орындары) екі меншік түріне бөлінеді:
      1) коммуналдық автотұрақ (автомобиль қоятын орын) – Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі уәкілетті орган ұйымдастырған және заңнамамен белгіленген тәртіпте пайдалануға беруші ұйымның басқаруына берілген автотұрақ (автомобиль қоятын орын);
      2) жеке меншік автотұрақ (автомобиль қоятын орын) – мақсатты пайдалануға сәйкес жерді пайдалану құқығына, не жер телімінің меншік құқығына ие мемлекеттік емес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ұйымдастырған автотұрақ (автомобиль қоятын орын).

2. Автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды)
ұйымдастыру және пайдалану

      5. Өртке қарсы және санитарлық нормалар талаптарының орындалу, автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) пайдаланудың санитарлық және құрылыс ережелерінің, сондай-ақ оның жер телімінің мақсатты пайдалану тәртібіне және осы Ережеге сәйкестігі автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру мен пайдаланудың міндетті ережесі болып табылады.
      6. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) қызметтерін ұйымдастыру кезінде инженерлік желілерді пайдалануға беруші кәсіпорындармен келісілген және арнайы ескертілген жерді пайдаланудың ережелері, сондай-ақ құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелер қатаң сақталуы тиіс.
      7. Автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) алаңы ұсақталған тас кесек немесе құмды қоспадан жасалған жабынмен, бетон немесе асфальт бетоннан және тағы басқамен жасалуы тиіс.
      8. Автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) шекаралары дәл белгіленуі тиіс. Осы Ережелерде қарастырылған автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) түрлеріне қарамастан, олардың шекараларын белгілеуші ретінде жол төсемдерінің құрылымдық элементтері (жиектегі тастар және басқалары), жол таңбалары, уақытша қоршау, тұрақты қоршау (оның ішінде қорғаныс элементтері) қолданылуы мүмкін.
      9. Автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) міндетті түрде өрттен қорғау органдары белгілеген санда өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар болуы тиіс.
      10. Автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) келесі мазмұндағы ақпараттық қалқан (маңдайша жазу) болуы тиіс:
      1) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) түрі;
      2) автотұрақтар (автомобиль қоятын орындардың) иесінің атауы;
      3) автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) иесінің заңдық мекенжайы;
      4) көлік тұрағы аймағының сызбасы;
      5) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) жұмыс тәртібі;
      6) тұрақ үшін төленетін төлемнің тарифі мен тәртібі;
      7) айрықша жағдайларды пайдаланатын тұтынушылар санатының тізбесі.
      11. Жол жиегіндегі автотұрақтардан (автомобиль қоятын орындардан) басқа автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) қосалқы (өртке қарсы) шығатын жол жабдықталуы тиіс, құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес автокөлік құралдары қатарларының арасында технологиялық өтетін жолдары болуы қажет.
      12. Автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) иесі:
      1) автотұрақ (автомобиль қоятын орын) жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) автотұрақты (автомобиль қоятын орынды) пайдалануға жарамды жағдайда ұстау, автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) аумағын тазалауды;
      3) автотұрақта (автомобиль қоятын орында) қызмет көрсететін қызметкерлерді оқыту және арнайы киіммен қамтамасыз етуді;
      4) автотұрақ (автомобиль қоятын орын) үшін төлемнің уақытында және дұрыс төленуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
      13. Автотұрақ (автомобиль қоятын орын) қызметінің қызметкерлері:
      1) тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақта автокөлік құралдарын айдап кетуден, зақымданудан, бөлшектеп алып кетуден және көліктердің ашылып қалуынан қорғауды қамтамасыз етеді;
      2) белгіленген үлгідегі түбіртектерді бере отырып, автокөлік құралдарының иелерінен тұрақ үшін төлем қабылдайды;
      3) өзінің өкілеттігін растайтын құжаты болады;
      4) автотұрақтағы (автомобиль қоятын орындардағы) айрықша жағдайларды пайдаланатын тұлғалардың тиісті құжаттарын тексереді.
      14. Уәкілетті орган өз құзыретінің шегінде:
      1) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) мақсатқа сай пайдаланылуына мониторинг жасауды;
      2) көлік құралдарының автотұрақтарына (автомобиль қоятын орындарға) арналған орындарды пайдалану бойынша үйлестірушілікті;
      3) осы Ережелерді қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
      4) коммуналдық автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уәкілетті органының және өзге де мемлекеттік органдардың келісімі бойынша жол қозғалысы ережелеріне сәйкес оларды орналастыру схемасын әзірлеуді;
      5) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) пайдаланылуына мониторинг жүргізуді және оны есепке алудың бірыңғай электрондық жүйелерін құруды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

3. Автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға)
алаңдарды орналастыру

      15. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) орналасқан алаңдар көріктендіру нысандары болып табылады және сәулет, көріктендіру саласындағы нормалар мен нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
      16. Ақылы коммуналдық автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін бөлінген алаңдардың тізімін Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы уәкілетті органының келісімі бойынша Алматы қаласы Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
      17. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін алаңдар орналастыру кезінде:
      1) қозғалыстың екі жолағы бар көшелерде және әр бағыттағы ені 7,5 метр көшелерде жол жиегіндегі автотұрақтар үшін бір көлік орнының параметрлері 2,5 х 7,5 метр (жүретін жолдың бойындағы автомобиль қоятын орындар) және 2,5 х 5,0 метр (ішкі алаңға кіретін қалташасы бар автомобиль қоятын орындар) екендігін;
      2) инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын және олардың сипаттамаларын;
      3) жоспарда және жолдың өн бойындағы бөлігінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне арналған шарттарды;
      4) көлденең және өн бойындағы еңістердің параметрлерін;
      5) жасыл желектердің орналасуын;
      6) жол жүретін бөліктердің төсемі жағдайын ескеру қажет.
      18. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін мынадай жағдайларда:
      1) қозғалыстың екі жолағы бар көшелерде және әр бағыттағы ені 7,5 метр көшелерде;
      2) тиісті жол белгілері мен таңбалары белгіленген орындарда;
      3) орам арасындағы аймақтарда (тұрғын үйлердің аулаларында) алаңдар орналастырылмайды.
      19. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) үшін алаңдарды жобалау құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау заңнама, мемлекеттік құрылыс нормалары, стандарттары, техникалық жағдайлар, өзге де нормативтік құжаттар және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
      20. Тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақтардан (автомобиль қоятын орындардан) басқа автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) орналасқан алаңдардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысының қатысушыларының назарына жеткізіледі, ал автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға) арналған нақты орындар, Жол қауіпсіздігінің ережелері және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жол белгілері мен жол таңбаларын орнату арқылы көрсетіледі.

4. Ақылы автотұрақтардың
(автомобиль қоятын орындардың) түрлері

      21. Алматы қаласының аумағында орналасқан ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) түрлері:
      күндіз және тәулік бойы күзетілетін автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар);
      алаңдық үлгідегі автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар);
      жол жиегіндегі автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар);
      паркингтер болып бөлінеді.

§ 1. Ақылы күзетілетін автотұрақтар
(автомобиль қоятын орындар)

      22. Ақылы күзетілетін күндізгі автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар):
      1) жол қозғалысының Ережелеріне сәйкес жол белгілерімен, таңбаларымен, ақпараттық көрсеткіштермен;
      2) көзге бірден көрінетін орындарда орналасқан автотұрақтағы (автомобиль қоятын орындардағы) айрықша жағдайларды пайдаланатын тұтынушылар санатының тізбесі, тұрақ үшін төленетін төлемнің тарифі мен тәртібі, көлік тұрақтандыру аймағының сызбасы, автотұрақтың жұмыс тәртібі туралы мәліметтер (атауы, мекенжайы, байланыс телефондары), автотұрақты пайдалану ережесі жазылған, автотұрақты (автомобиль қоятын орындарды) пайдалану шарттары туралы ақпараттарды қамтитын ақпараттық стендтермен (тақтайшалар) жабдықталады.
      23. Тәулік бойы күзетілетін ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) осы жерді пайдалану тәртібін сақтап орындалған және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес автокөліктің қорғаныс құралдарымен (қалқалар, жеке-жеке бокстар және тағы басқа) жабдықталады.
      24. Қорғаныс құрылыстарының жобалары және олардың орналасу орындары міндетті түрде тиісті ұйымдар арқылы келісіледі және бекітіледі.
      25. Тәулік бойы күзетілетін ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) аумағы бөтен адамдардың кіруіне жол бермейтін, 2 метрден кем емес биіктіктегі қоршауы болуы тиіс. Автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) аумағына кіру бекітілуші тоспамен немесе қақпамен жабдықталады.
      26. Тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) тәуліктің қараңғы уақытында күзетілетін автокөлікке бақылауды қамтамасыз ететін жарықтандырушы құралдармен жабдықталады.
      27. Автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) қызметкерлерінің еңбек шарты қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуі тиіс.
      28. Күндізгі және тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындар) мамандарға кызмет көрсетуге арналған ғимаратында немесе ғимарат болмаған жағдайда ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) қызметінің қызметкерлерінде келесі құжаттар болады:
      - ақылы автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) қызмет көрсету тарифтерін бекіту туралы тұрақ иесінің шешімі;
      - әр беттері нөмірленген, тігілген, автотұрақ (автомобиль қоятын орындар) иесінің мөрі қойылған, тәуліктік ведомстар жазылған жұмыс журналы;
      - автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) иесі бекіткен автотұрақ (автомобиль қоятын орындар) қызметінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығы (құқықтары мен міндеттері);
      - автотұрақтың (автомобиль қоятын орындардың) аумағынан автокөлік құралдарын апаттық жағдайдағы шығару жоспары.
      29. Күндіз немесе тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) автокөлік құралдарының иесіне келтірілген материалдық залалдармен байланысты даулар, оның ішінде автокөлік құралдарын айдап әкету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен немесе автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) иесі мен автокөлік құралының иесі арасындағы келісімнің негізінде шешіледі.

§ 2. Алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтар
(автомобиль қоятын орындар)

      30. Алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) ашық (сыртқы қоршаусыз (қақпасыз)) немесе жабық (сыртқы қоршауы (қақпасы) бар) автотұрақ (автомобиль қоятын орын) болуы және автокөлік жолымен іргелес жатқан жер телімінде орналасуы мүмкін.
      31. Алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақ (автомобиль қоятын орындар):
      1) кіру/шығуды шектейтін электр механикалық құрылғылармен (тоспалар, блокираторлар);
      2) электрондық автоматтандырылған жүйемен немесе автокөлік құралдарының келу уақытын және төлем туралы түбіртек пен чек бере отырып, тұрақ үшін және қосымша қызметтер үшін ыңғайластырылған қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуді бақылаудың автоматтандырылған құрылғыларымен;
      3) өңделген ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ете отырып, жүктің көп болу деңгейін есепке алудың электрондық жүйесімен;
      4) автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) аумағында орналасқан және белгіленген жұмыс тәртібі кезеңінде автотұрақ (автомобиль қоятын орын) қызметкерлерінің тұрақты түрде келуіне арналған арнайы бөлінген және жабдықталған үй-жаймен (павильон);
      5) көзге бірден көрінетін орындарда орналасқан автотұрақтағы (автомобиль қоятын орындағы) айрықша құқықтарға ие тұтынушылар санатының тізбесі, тұрақ үшін төленетін төлемнің тарифі мен тәртібі, көлік тұрақтандыру аймағының сызбасы, кәсіпорынға қызмет көрсететін уәкілетті тұлға атынан автотұрақтың жұмыс тәртібі туралы мәліметтер (атауы, мекенжайы, байланыс телефондары), автотұрақты (автомобиль қоятын орынды) пайдалану шарттары туралы ақпараттарды қамтитын ақпараттық стендтермен (тақтайшалар) жабдықталады.
      32. Автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) жұмыс істеуін жақсарту мақсатында уәкілетті органның келісімі бойынша өзге де құралдармен жабдықталуы мүмкін.

§ 3. Жол жиегіндегі ақылы автотұрақтар
(автомобиль қоятын орындар)

      33. Жол жиегіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) көшедегі оқшауланған белдеулер шегінде көлік жолдарының (көшелер) бойына орналастырылады.
      34. Жол жиегіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар):
      1) жол қозғалысының Ережелеріне сәйкес жол белгілерімен және таңбаларымен, ақпараттық көрсеткіштермен;
      2) сыртқы бақылау бейнекамерасымен;
      3) көзге бірден көрінетін орындарда орналасқан автотұрақтағы (автомобиль қоятын орындағы) жеңілдіктерге ие тұтынушылар санатының тізбесі, тұрақ үшін төленетін төлемнің тарифі мен тәртібі, көлік тұрақтандыру аймағының схемасы, автотұрақтың жұмыс тәртібі туралы мәліметтер (атауы, мекенжайы, байланыс телефондары), автотұрақты пайдалану ережесі жазылған, автотұрақты (автомобиль қоятын орынды) пайдалану шарттары туралы ақпараттарды қамтитын ақпараттық стендтермен (тақтайшалар);
      4) электрондық төлем жүйесімен жабдықталады.

§ 4. Паркинг

      35. Паркингтердегі автотұрақта (автомобиль қоятын орында) қызмет көрсету автокөлік құралдарының иесі мен паркинг иесінің арасында реттеледі.

5. Автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың)
жұмыс тәртібі және жол жиегіндегі және алаңдық
үлгідегі автотұрақтардың (автомобиль қоятын
орындардың) қызмет төлемдерінің тәртібі

      36. Күндіз және тәулік бойы ақылы күзетілетін автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың), алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) және паркингтердің жұмыс тәртібі олардың иелерімен анықталады.
      Жол жиегіндегі ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден сағат 19.00-ге дейін бекітілген.
      37. Жол жиегіндегі және алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) пайдалану үшін төлем:
      1) белгіленген үлгідегі көлік қоюға арналған бір жолғы талондарды алу арқылы;
      2) көлік қоюға арналған карталарды (айлық, тоқсандық және жылдық) алу арқылы;
      3) жол белгісімен бөлініп қойылған көлік қою орнына көлік құралдарын қойғаннан кейін бірден автотұрақ (автомобиль қоятын орын) бөлінген аймақта белгіленген электрондық төлем жүйесі арқылы автотұрақты (автомобиль қоятын орынды) пайдалану үшін ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

6. Көлік қоятын орындарды
пайдаланудың айрықша жағдайлары

      38. Ақылы коммуналдық автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) тегін көлік қою орындарына тиісті растаушы құжаттардың негізінде келесі көлік құралдарының иесі көліктерін қоя алады:
      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектері және қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар;
      2) I және II топтағы мүгедектер;
      3) тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмірлері бар арнайы автокөліктер.
      39. Ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) қызметкерлері, мүгедектерді алып келетін автокөлік құралдарын қою үшін, бір көлікті қою орнынан кем емес орынды тиісті белгілермен немесе өзге де ақпараттық көрсеткіштермен белгілей отырып, көлік орындарының жалпы санынан 10 пайыздық көлемде арнайы көлік қою орындарын резервте сақтауды қамтамасыз етеді.