Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы "Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" N 172/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі N 258/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 тамызда N 12-6-115 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-7)–тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы "Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімде N 12-6-74 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 маусымдағы аудандық "Родные просторы" N 26 газетінде жарияланған) N 172/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулының 5-тармағында:
      "20000" деген сандар "26000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "(жиырма мың)" деген сөздер "(жиырма алты мың)" деген сөздермен  ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Аужанов