Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" N 148/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 72/3 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 04 сәуірде N 12-6-107 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 15-бабы 2-тармағына, 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 мамырдағы аудандық "Родные просторы" N 3 газетінде жарияланған) N 148/4 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде:
      4-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шұғаев