Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан Екібастұз өңірінің кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің квоталық жұмыс орындарына жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк