"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6–бабының 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Федоров ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әлеуметтік көмек:
1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, елу айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, біржолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, біржолғы, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, біржолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, біржолғы, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) мүгедектерге, нақты шығындар бойынша оңалту орталықтарына баруға байланысты шығындарды өтеу үшін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.04.13 № 30 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен
тыс сессияның төрайымы Г. Казакевич
Аудандық
мәслихаттың хатшысы С. Сералинова
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ В. Гринак
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Т. Волоткевич
Мәслихаттың
2011 жылғы 12 қазан
№ 483 шешіміне қосымша
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу
үшін қажетті құжаттар тізбесі
1. Міндетті құжаттар:
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
3) алушының салық төлеуші куәлігі;
4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
5) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
2. Қосымша құжаттар:
1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
емделу шығындарын растайтын құжат;
2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
6) "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
тиісті оқу орнынан берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктерге:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
10) мүгедектердің оңалту орталықтарына баруына байланысты шығындарын өтеу үшін:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
санаторлық-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
жол жүру билеттері (тұратын жерінен белгіленген жерге дейін және кейін қайту).
3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
4. Осы шешімнің 1–тармағының 4) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.