Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы

Қостанай облысы Таран ауданы Приозерное селосының әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 қарашада № 9-18-147 тіркелді

Жаңартылған

     Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "село" деген сөздері "ауылының", "ауыл" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Приозерное ауылы әкімінің 11.05.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына сәйкес, ауыл халқының пікірін ескеріп, Приозерное ауылының әкімі ШЕШТІ:
      1. Приозерное ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) № 1 атаусыз көшесіне – Комсомольская көшесі;
      2) № 2 атаусыз көшесіне - Гагарин көшесі;
      3) № 3 атаусыз көшесіне – Космонавттар көшесі;
      4) № 4 атаусыз көшесіне – Украинская көшесі;
      5) № 5 атаусыз көшесіне – 60 лет СССР көшесі;
      6) № 6 атаусыз көшесіне – Егоров көшесі;
      7) № 7 атаусыз көшесіне – Советская көшесі;
      8) № 8 атаусыз көшесіне – Ленин көшесі;
      9) № 9 атаусыз көшесіне – Кошевой көшесі;
      10) № 10 атаусыз көшесіне – Целинная көшесі;
      11) № 11 атаусыз көшесіне – Полтавская көшесі;
      12) № 12 атаусыз көшесіне – Дзержинский көшесі.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      М. Удиров