Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 445 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қарашада № 9-16-126 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынанбосатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Кенесбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      ММ бастығы
      ________ Ә. Сансызбаев