Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 209 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 мамырда № 9-14-149 тіркелді

Қолданыстағы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданының жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз көлемінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерге жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, квотаға сәйкес жұмыс орындарға орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерді жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов