Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 120 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде № 9-3-146 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 325 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы  әкімдігінің 2012.06.28 № 325 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-ІІІ Еңбек кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазіргі бар жұмыс орындардың жалпы санының бір пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Төлеубаев