Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 2бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 434 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 қарашада № 3782 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Жітіқара мен Сарыкөл аудандарының аудандық өкілетті және атқарушы органдарының пікірлерін ескеріп Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындардың кетуіне және қоныс аударуына байланысты Жітіқара ауданы Тоқтаров селолық округінің Максимовка селосы таратылсын.
      2. Тұрғынының саны 52 адамнан кем Сарыкөл ауданы Темирязев селолық округінің Целинное селосы таратылсын.
      3. Таратылған Целинное селосы Сарыкөл ауданы Темирязев селолық округінің Темирязев селосының құрамында қосылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин

      Сессияның төрайымы                         Т. Шерстобитова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов