Таран ауданының Асенкритов ауылдық округінің төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин" алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 наурызда № 3754 тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 232 қаулысымен

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 31.05.2019 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде Таран ауданының Асенкритов ауылдық округіндегі төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин" алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Таран ауданының Асенкритов ауылдық округіндегі төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин" алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуінің шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 31.05.2019 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

      комитетінің Қостанай облысы бойынша

      департаменті" мемлекеттік мекемесінің

      директоры

      ________________________ Г. Естекбаев

      "Қазақстан Республикасы жер ресурстарын

      басқару агенттігінің Қостанай және

      Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша

      өңіраралық жер инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      _____________________________ М. Дихаев

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі Су ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау

      жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ________________________________ Г. Оспанбеков

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

      қорғау министірлігі Экологиялық реттеу

      және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай

      экология департаменті" мемлекеттік

      мекемесі бастығының міндетін атқарушы

      ________________________ М. Орынбасаров

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи

      ресурстар және табиғат пайдалануды

      реттеу басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ______________________ Қ. Төлеубаев

      Қостанай облысы

      Таран ауданының әкімі

      _______ А. Бондаренко

  Әкімдіктің
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысына 1-қосымша

Таран ауданының Асенкритов ауылдық округіндегі
төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин"
алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау
жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су
қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі,

оның телімі

Су қорғау аймағы

шекараның

ұзақтығы,

ұзындығы

(метр)

шекараның

ұзақтығы,

ауданы,

(гектар)

шекараның

ұзақтығы,

ені (метр)

Аят өзені

Таран ауданының

Асенкритов ауылдық

округіндегі

"Варварин" алтынмыс

кен орнын әзірлеу

жөніндегі тау

жұмыстарын жүргізуге

арналған төрт жер

учаскесі:

№ 9 жер учаскесі

№ 4 жер учаскесі

№ 5 жер учаскесі

№ 6 жер учаскесі

(су қорғау аймағы

мен белдеуін

белгілеу жобасына

тапсырыс беруші –

"Варварин"

акционерлік қоғамы)












150

1200

680

570












7,5

42,5

34,0

28,5












500

500

500

500


      кестенің жалғасы:

Су объектісі,

оның телімі

Су қорғау белдеуі

шекараның

ұзақтығы,

ұзындығы

(метр)

ауданы

(гектар)

ені (метр)

Аят өзені

Таран ауданының

Асенкритов ауылдық

округіндегі

"Варварин" алтынмыс

кен орнын әзірлеу

жөніндегі тау

жұмыстарын жүргізуге

арналған төрт жер

учаскесі:

№ 9 жер учаскесі

№ 4 жер учаскесі

№ 5 жер учаскесі

№ 6 жер учаскесі

(су қорғау аймағы

мен белдеуін

белгілеу жобасына

тапсырыс беруші –

"Варварин"

акционерлік қоғамы)












35

650

680

570












0,35

6,5

6,8

5,7












100

100

100

100


      кестенің жалғасы:

Су объектісі,

оның телімі

Су қорғау белдеуі

орташа көп

жылдық судың

сабалық

кемері

(метр)

Аят өзені

Таран ауданының Асенкритов

ауылдық округіндегі "Варварин"

алтынмыс кен орнын әзірлеу

жөніндегі тау жұмыстарын

жүргізуге арналған төрт жер

учаскесі:

№ 9 жер учаскесі

№ 4 жер учаскесі

№ 5 жер учаскесі

№ 6 жер учаскесі

(су қорғау аймағы мен белдеуін

белгілеу жобасына тапсырыс

беруші – "Варварин"

акционерлік қоғамы)









174,85

174,85

174,85

174,85

  Әкімдіктің
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысына 2-қосымша

Таран ауданының Асенкритов ауылдық округіндегі төрт жер учаскілерінде орналасқан "Варварин" алтынмыс кен орнын әзірлеу жөніндегі тау жұмыстарын жүргізуге арналған Аят өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуінің шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 31.05.2019 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;

      2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қымтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерді қайта құруды жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникацияларды орнату, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.

      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) мүмкін шекті концентрациясы жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.