Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Маңғыстау селосындағы теміржол өткелінен бастап қоғамдық ұйымдар ғимаратына дейінгі көшеге (жалғанған қосымша сызбаға сәйкес) Әбіш қожа аты берілсін.
2. Осы шешімнің орындаласын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім Е. Бекмағамбетов
Маңғыстау селосы әкімінің
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 170 шешіміне
қосымша