Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 57 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 10 қаңтарда N 10-9-213 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі ауданы бойынша 2012 жылдың қаңтар-наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлер ұсынылсын (келісім бойынша).
      3. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Қарынбаев келісім бойынша) әскери есепке қоюдан жалтарған тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Шиелі ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" N 49 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылдың 17 қаңтарда N 10-9-183 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2011 жылғы 26 қаңтарындағы N 8-9(7841-42) санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
      6. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      АУДАН ӘКІМІ                                   Н. НӘЛІБАЕВ