Жер салығының ставкалары туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 363 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда N 10-8-163 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің 387-бабын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мэслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Салық кодексінің 378379381 және 383-баптарында белгіленген, Сырдария ауданында автотұрақтарға (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шағарылған) жерлерді қоспағанда жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы                    Р. Есенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                       А. Атақаев