Біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 362 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 23 желтоқсанда N 10-8-162 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес Сырдария аудандық мэслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны 1-қосымшаға және базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы                    Р. Есенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                       А. Атақаев

      2011 жылғы "30" қарашадағы
      Сырдария аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХІІ
      сессиясының N 362 шешіміне
      1-қосымша

       Сырдария ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлеріне (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) біржолғы талон құны

р/с Біржолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызмет тізбесі Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде

1

Газеттер мен журналдар сату

0,036

2

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (екпелер, көшет) сату.

0,036

3

Бақша дақылдарын сату

0,071

4

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату

0,039

5

Қосалқы ауыл шаруашылығындағы, бақшалық,бағбандық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату.

0,050

6

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметіне.

0,212

7

Орман жидегін, бал сату

0,050

8

Саңырауқұлақтар сату

0,050

9

Сыпыртқы, сыпырғылар сату

0,036

10

Жануарлар мен құстардың жемдерін сату

0,142

12

Үй жануарлары мен құстарын бағу (1 күнге)

0,056

      2011 жылғы "30" қарашадағы
      Сырдария аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХІІ
      сессиясының N 362 шешіміне
      2-қосымша

       Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан алынатын біржолғы талон құны

р/с Біржолғы талон негізіндегі кәсіп түрінің тізбесі Біржолғы талон құны, айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен есептегенде

1

Азық түлік саудасы



Жүк автокөліктерінен сату

0,411


Жеңіл көліктерден сату

0,177


Сөреден сату

0,050

2

Өнеркәсіп және құрылыс заттары өнімдерін сату



Жүк автокөліктерінен сату

0,411


Жеңіл көліктерден сату

0,212


Сөреден сату

0,057

3

Мал және мал азығы



Ірі қара сату

0,099


Басқа мал түрлерін сату

0,043


Құс және басқа да үй жануарларын сату

0,018

4

Бақша өнімдерін сату



Жүк автокөліктерінен сату

0,198


Жеңіл көліктерден сату

0,099


Сөреден сату

0,043

5

Жұлдызнамаларды және келешекті жорамалдау қызметі

0,050

6

Гүл сату

0,039

7

Кесек сату

0,085

8

Арбамен отын сату

0,021