Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 16 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 11 шілдеде N 10-5-161 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданында мүгедектер үшін үш процент, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының жалпы санынан жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
      3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1218 қаулысы жойылсын.
      4. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі                  М. Ергешбаев