"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/4 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 2012.09.27 N 9/2 Шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.09.27 N 4548 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Қасым хан көшесінің оң жағында орналасқан атауы жоқ тұйық Қасым хан тұйығы есімімен аталсын.
2. Қорқыт ата көшесінің аяғындағы, Жас алаш көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы атауы жоқ 14 көшеге: Қорқыт ата - 1 көшесі, Қорқыт ата – 2 көшесі, Қорқыт ата – 3 көшесі, Қорқыт ата – 4 көшесі, Қорқыт ата – 5 көшесі, Қорқыт ата – 6 көшесі, Қорқыт ата – 7 көшесі, Қорқыт ата – 8 көшесі, Қорқыт ата – 9 көшесі, Қорқыт ата – 10 көшесі, Қорқыт ата – 11 көшесі, Қорқыт ата – 12 көшесі, Қорқыт ата – 13 көшесі, Қорқыт ата – 14 көшесі атаулары берілсін.
3. Ақмаржан мөлтек ауданындағы атауы жоқ 16 көшеге: Ақмаржан - 1 көшесі, Ақмаржан – 2 көшесі, Ақмаржан – 3 көшесі, Ақмаржан – 4 көшесі, Ақмаржан – 5 көшесі, Ақмаржан – 6 көшесі, Ақмаржан – 7 көшесі, Ақмаржан – 8 көшесі, Ақмаржан – 9 көшесі, Ақмаржан – 10 көшесі, Ақмаржан – 11 көшесі, Ақмаржан – 12 көшесі, Ақмаржан – 13 көшесі, Ақмаржан – 14 көшесі, Ақмаржан – 15 көшесі, Ақмаржан – 16 көшесі атаулары берілсін.
4. Әбу Насыр Әл-Фараби көшесінің тұсында орналасқан атауы жоқ 17 көшеге: Әбу Насыр Әл-Фараби - 1 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 2 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 3 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 4 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 5 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 6 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 7 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 8 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 9 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 10 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 11 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 12 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 13 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 14 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 15 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 16 көшесі, Әбу Насыр Әл-Фараби – 17 көшесі атаулары берілсін.
5. Көшеней Рүстембеков көшесіне перпендикуляр орналасқан, Қоғалы көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Зарқұм Қуанышұлы көшесі болып аталсын.
6. Қуантқан Маханбетов көшесінің оң жағындағы перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көше Байқара Тайлақбаев көшесі болып аталсын.
7. Байжігіт Әбдіразақов көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы бірінші көше Бекзатхан Асқар есімімен аталсын.
8. Сәулет мөлтек ауданындағы "Сәулет – 8" көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан көше Исатай Елубаев көшесі болып аталсын.
9. Тәуелсіздік көшесіне параллель, Қаратоғай көшесіне перпендикуляр орналасқан сол жағындағы бірінші көше Кемал Нұрекешов көшесі болып аталсын.
10. Қуантқан Маханбетов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көше Әскербек Мақұлбеков көшесі болып аталсын.
11. Әбу-Насыр Әл-Фараби көшесін қиып өтетін, Алтыбай Сағымбаев көшесіне параллель орналасқан екінші көше Нысанбай жырау есімімен аталсын.
12. Осы "Қызылорда қаласындағы көшелерге атау беру туралы" бірлескен Қызылорда қалалық мәслихатының шешімі мен Қызылорда қаласының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлына жүктелсін.
13. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс қырық төртінші
сессиясының төрағасы А. ӘБДІРЕЕВ
Қызылорда қаласы әкімі М. ЖАЙЫМБЕТОВ
Қызылорда қалалық
мәслихат хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ