2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының XXXIV сессиясының 2011 жылғы 29 наурыздағы N 34/297 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде N 8-12-106 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 ақпандағы XXII сессиясының "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" N 22/195 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-69, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 10 сәуірдегі N 23-24 (9380) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 232 Қаулысымен, әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдайтын және тіркейтін, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеретін, қаржы құралдарының қажеттілігіне есептеулер жүргізетін және комиссияға жіберетін жұмыс органы болып аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі анықталған.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      XXXIV-ші сессиясының төрағасы              Ө. Кенжетаев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                З. Сердалинов
      2011 жылғы 29 наурыз