2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/11 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда N 8-9-125 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде, толық емес жұмыс күні немесе икемді кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбек төлемі жергілікті бюджеттің қаражатынан қамтамасыз етілсін.
      4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (З. Шакентаев) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға бір үлгідегі келісімшарттар жасасын.
      5. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/16 "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-95 тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 4/19 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгертулерді енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-103 тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 14 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 мамырдағы N 10/01 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-108 тіркелген, 2011 жылғы 25 маусымдағы N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы, Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі N 19/03 "Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 28/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-113 тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы N 44 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Абай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
N 32/11 қаулысына
қосымша

2012 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі

Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер

Жылына қоғамдық қызмет керлерге сұраныс, адам

Жұмыстың ұзақтығы, ай

Айына қызметкерлер саны, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Абай ауданы әкімдігінің “Жігер-2004” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

336

1

28

Ағаштарды отырғызу – 500 дана, талдарды отырғызу – 100 дана, гүлдерді отырғызу – 500 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 7587 дана, ауданы 192340 шаршы метр, аумақты жинау және тазалау, құдықтарды тазарту – 218 дана.

Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы

12

1

1

Зейнетақыны қайта есептеуге көмек көрсету – 25700 іс, мұрағат құжаттарымен жұмыс – 14000 іс, курьерлік жұмыс – 660 хат.

Абай ауданы бойынша салық басқармасы

12

1

1

Салық жинауға көмек көрсету– 3400 түбіртек, курьерлік жұмыс – 660 хат.

Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

24

1

2

Әскерге шақырылатын азаматтардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана.

Абай ауданының статистика бөлімі

12

1

1

Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмектесу – 300 объект, ауыл шаруашылығы бойынша – 350 объект, мұрағат құжаттарымен жұмыс – 150 іс, курьерлік жұмыс – 330 хат.

Абай ауданының прокуратурасы

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 600 бет, факс жіберу – 240 бет, мәтіндерді басу және шығару – 400 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат.

Абай аудандық соты

24

1

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, шақыру қағаздарын тарату – 600 дана.

Абай ауданының әдiлет басқармасы

48

1

4

Құжат айналымындағы көмек – 2500 іс.

Абай ауданының ішкі істер басқармасы

48

1

4

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 1200 бет, факс жіберу – 650 бет, мәтіндерді басу және шығару – 600 бет, хаттарды жеткізу – 660 хат.

Абай аудандық N 2 соты

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 200 бет, факс жіберу – 100 бет, шақыру қағаздарын тарату – 200 дана.

Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 300 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат.

Абай ауданы әкімінің аппараты

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат.

Құрмин ауылдық округі әкімінің аппараты

24

1

2

Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек көрсету.

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

12

1

1

Мұрағат құжаттарын өңдеуге көмек көрсету – 500 іс.

Есенгельды ауылдық округі әкімінің аппараты

12

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау – 300 бет, факс жіберу – 120 бет, мәтіндерді басу және шығару – 200 бет, хаттарды жеткізу – 330 хат.

Барлығы

600