Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда N 8-6-117 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңынын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңынын негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Сәтбаев қаласы Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       С.Т. Медебаев

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 05/01 қаулысына
1 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

N

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар

1

Сәтбаев қаласы

Ұлытау көшесі NN 86,90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)

2

Комаров көшесі, N 18 үй жанында ("Салтанат" дүкенінің ауданы)

3

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, N 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы)

4

Жезқазған кенті

Әбиев көшесі, N 21А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы)

5

Весовая елді мекені

Киров көшесі, N 22 үй жанында ("Темір жол-көлік жолдарының кәсіпорыны" клуб ауданы)

6

Сәтбаев селосы

N 17 негізгі мектеп жанында

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
N 05/01 қаулысына
2 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары

N

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайы

Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)

1

Сәтбаев қаласы

Абай атындағы N 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, N 114А үй, телефон: 3-33-96

215,2

2

Сәтбаев қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, N 11А үй, телефон: 3-34-68

154,4

3

Жезказған кенті

N 2 орта мектептің акт залы, Әуәзов көшесі, N 37А үй, телефон: 2-23-20

61,5

4

Весовая елді мекені

"Темір жол-көлік жолдарының кәсіпорын" клубының акт залы, Киров көшесі, N 20 үй, телефон: 2-26-61

220