Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.08.28 N 229 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға әр санат үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.08.28 N 229 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ғ. Әшімов