Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 48/04 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 желтоқсанда N 8-4-254 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Балхаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жай берілсін.
      2. Қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Жақсылықова С.Ж. – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
      3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы N 06/01 "Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі 8-4-222, 2011 жылғы 3 наурыздағы N 26 (11694) "Балқаш өңірі", N 23 (733) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш каласы әкімі аппаратының жетекшісі Сандуғаш Сәбетқызы Асылбековаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 48/04 қаулысына қосымша 1

Балқаш қаласы бойынша Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекен-жайлары

N

Қаланың атауы

Үй-жайдың мекен-жайы

Жалпы көлемі

1

Балқаш қаласы

"Балық шаруашылығының Қазақ ғылыми-зерттеу институты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Балқаш филиалының акт залы, Желтоқсан көшесі, N 20 үй (келісім бойынша)

200 шаршы метр

Балқаш қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 48/04 қаулысына қосымша 2

Балқаш қаласы және іргелес кенттер бойынша баспа материалдарды орналастыру орны

N

Тұрғылықты жер атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін

1

Балқаш қаласы

Ленина және ағайынды Мусиндер көшелерінің қыйылысындағы ақпараттық қалқан

2


З. Сабитова атындағы мөлтек аудан, N 34 үйде орналасқан ақпараттық қалқан

3


Бөкейханов және Ленин көшелерінің қиылысындағы (NN 11-18 үйлер арасында) ақпараттық қалқан

4

Коңырат кенті

Русаков көшесіндегі N 9 үйде орналасқан ақпараттық қалқан

5

Саяқ кенті

Балхашская көшесі, N 2 үйде орналасқан ақпараттық қалқан

6

Гүлшат кенті

Клуб ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан

7

Шұбар Төбек кенті

Асхана ғимаратының алдындағы ақпараттық қалқан