Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 20/1 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда N 8-3-119 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына7-бабының 5-5) тармақшасы мен 5-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Барлық меншік түріндегі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 Н. Сұлтанов