РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы " Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Келемсейіт |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Панфилов ауданының | |
жұмыспен қамту және | |
әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Азат Жапарұлы Жақыбай |