Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 648 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 желтоқсанда N 2-2-127 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 10.12.2012 N 672 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 10.12.2012 N 672 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Таубаев