Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 9-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 19-851 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 16 қыркүйекте N 2-1-146 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-142, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы 21-нөмірінде жарияланған) N 9-400 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағында1-қосымшада "Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасы" сөздері "Алматы облысы Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Бигелдиев