Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 9 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қазанда № 3-11-97 тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", сөзі тиісінше "ауылдық", сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің 22.07.2015 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қаратал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Ш.Берсиев;
      2) Қ.Ержанов;
      3) Ақтөбе;
      4) Астана;
      5) Ө.Бақаев;
      6) И.Қарағұлов;
      7) Конституция;
      8) Ж.Жүсібәлиев;
      9) Республика;
      10) Бейбітшілік;
      11) З.Баймолдина;
      12) Көкжар;
      13) Тәуелсіздік;
      14) Сүлеймен әулие;
      15) Қобыланды батыр;
      16) Ә.Молдағұлова.
      2. Құмжарған ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Ш.Берсиев;
      2) Қ.Ержанов;
      3) Республика;
      4) Астана.
      3. Қарасу ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Ш.Берсиев;
      2) Бейбітшілік.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі: А. Мубараков