Тасқопа селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 ақпанда № 3-10-156 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының Әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Тасқопа селолық округінің халықының пікірін ескере отырып, әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тасқопа селолық округінің құрамды бөліктеріне (қыстауларына) мына атаулар берілсін:
      1) Ортабаз;
      2) Шұбаржылан;
      3) Көптам;
      4) Шилаша;
      5) Жаңабаз;
      6) Өмірбай;
      7) Қомыт;
      8) Тұз;
      9) Төртүй қандыағаш;
      10) Ортақандыағаш;
      11) Сағақандыағаш;
      12) Бекей;
      13) Ащыөзек;
      14) Қызылжар;
      15) Төсши;
      16) Шонық;
      17) Сатай;
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасқопа селолық
      округі әкімі                          Ә. Қалмағанбетов