Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 қаулысы. Ақтөбе облысы Темір ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 мамырда № 3-10-147 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012.09.18 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Темір ауданының жұмыс берушілері жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012.09.18 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Қ.Бакиев) өтініш жасаған қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай – ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жолдама бойынша жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      Ескерту. 2 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012.09.18 № 240 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                     А. Нұрғалиев