Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының көше атауын қайта атау туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қарашада № 3-9-156 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 16 бабының 2 тармағына сәйкес және Мұғалжар селосы тұрғындары конференциясының хаттамасының негізінде Мұғалжар селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар селосының көше атаулары:
      1) Карьерная көшесі, Кеншілер көшесіне;
      2) Привокзальная көшесі, Теміржолшылар көшесіне;
      3) Центральная көшесі, Құлқай Әулие көшесіне;
      4) Школьная көшесі, Ынтымақ көшесіне;
      5) Советская көшесі, Достық көшесіне;
      6) Заводская көшесі, Зауыт көшесі деп өзгертілсін.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар селосының әкімі                  Ғ.Дәрімбетов