Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 30 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қазанда № 3-9-150 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Жұрын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне Абай Құнанбаев, Ахмет Жұбанов, Мир көшелері, Клуб және Диірмен тұйықтарына көше атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі                Т.Абдірзақ