Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Жағабұлақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне Саға, Жеңістің 40 жылдығы және Мектеп көше атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батпақкөл ауылдық округі әкімі Ж.С.Алданиязов