Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабына және Ақкемер, Көктөбе, Елек аулдары халқының пікірін ескере отырып Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақкемер, Көктөбе, Елек ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін.
Ақкемер ауылында:
№ 1 көшеге - Әйтеке би Байбекұлы;
№ 2 көшеге - Есет батыр Көкіұлы;
№ 3 көшеге - Көтібар батыр Бәсенұлы;
№ 4 көшеге - Хазрет Мұхамбетқазы Меңдіқұлов;
№ 5 көшеге - Қадір Абдрахманов;
№ 6 көшеге – Молодежная.
Көктөбе ауылында:
№ 1 көшеге - Садовая;
№ 2 көшеге - Школьная;
Елек ауылында:
№ 1 көшеге - Степная;
№ 2 көшеге - Школьная;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі Ә.Қ.Қалмұрзаев