Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) және 14-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жалпы жұмыс орындарынан 1 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Қалалар мен ауыл әкімдері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғылықты мекен жайына қарай мекемелермен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға ықпал етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданының әкімі С. Шаңғұтов