Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және Өтек ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 1 маусымдағы № 2 хаттамасына сәйкес әкім ШЕШТІ:
1. Өтек ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Желтоқсан көшесі;
2) Есет батыр көшесі;
2. Өтек ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Ленина көшесі - Астана көшесі;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі О.Байтулиев