Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және Бестау ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 2 хаттамасына сәйкес әкім ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бестау ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Әліби Жангелдин көшесі;
2) Мұхтар Әуезов көшесі;
3) Виктор Пацаев көшесі.
2. Бестау ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Октябрьская көшесі – Жастар көшесі;
2) Ленина көшесі – Астана көшесі;
3) Белогорская көшесі – Достық көшесі;
4) Степная көшесі – Бірлік көшесі;
5) Восточная көшесі – Шығыс көшесі;
6) Западная көшесі – Батыс көшесі;
7) Школьная көшесі – Мектеп көшесі;
8) Юбилейная көшесі –Мерейтой көшесі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | О. Бойченко |