Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасын (шегін) және өзгерту туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 229 шешімі және Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 3 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қазанда № 3-7-130 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қобда аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қобда ауданының Жарық, Жиренқопа, Исатай, Құрсай, Сарбұлақ және Сөгәлі ауылдық округтерінің жер телімдерінің шекарасын (шегін) өзгертіліп бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            А. ЖҮСІБАЛИЕВ

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                    Л. ИСМАҒАМБЕТОВА

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                        Ә. ҚОРҒАНБАЕВ